Басты бетке     Байғанин аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі      VKontakte facebook instagram Кіру       


Сайт мәзірі  


















































Іздеу:
 
free counters
Free counters



Алғы сөз

Биыл ел Тәуелсіздігіне 25 жыл. Қоғамдағы көпшілік қауымның ақпараттық сұраныстарын қанағаттандыруға міндетті мекеме – Кітапхана. Осы кітапханадағы ақпараттық қорлардың көмегімен ғылым да, мәдениет пен өнер де түрлі бағытта қалыптасып дамиды.

Жетпіс бес жылдан астам уақыт Байғанин аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі аудан тұрғындарына рухани мәдени қызмет көрсетіп келеді. Аудандағы кітапхана ісінің тәуелсіздік алғаннан кейінгі дамуында жаңа ақпараттық технологиялармен қамтылып, ауыл тұрғындарының заман талабына сай қажеттілігін ғаламтор жүйесі арқылы жетілдіру бағытында іс шаралар жасалды. Көптеген әдеби тарихи басылымдардың тұсауы кесіліп, ғаламтор жүйесі арқылы жаңа инновациялық жобалар іске асырылды. Модельді ауыл кітапханалары қалыптасты.

Ел игілігіне рухани мәдени қызмет етіп келе жатқан аудан кітапханаларының 25 жыл ішіндегі «Байғанин ауданы кітапханаларының тәуелсіздігі жетістігі» тарихи жылнамасын танысуға ұсынады.

«Білім кітапта. ...Болашақта кітап оқығандар

компьютерде отырғандарды басқарады»

Н.Назарбаев

1991-2015 жылдардағы

Байғанин аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі

25 жылдық тарихи жылнамасы 1991 жыл

1991 жыл

Ауданда 36 кітапхана жұмыс жасады.
1 аудандық 2 балалар 33 ауылдық кітапхана
Кітап қоры: 276438 дана
Қазақ тілінде: 156856 дана
Берілген кітап: 323665 дана
Оқырман: 16314
Қатысым: 119544

1992 жыл

Ауданда 36 кітапхана жұмыс жасады.
1 аудандық 2 балалар 33 ауылдық кітапхана
Кітап қоры: 272964 дана
Қазақ тілінде: 151229 дана
Берілген кітап: 331353 дана
Оқырман: 17162
Қатысым: 119544

1993 жыл

Ауданда 36 кітапхана жұмыс жасады.
1 аудандық 2 балалар 33 ауылдық кітапхана
Кітап қоры: 270461 дана
Қазақ тілінде: 149201 дана
Берілген кітап: 335291 дана
Оқырман: 16732
Қатысым: 1285578

5 маусым Қазақтың батырлары Барақ Сатыбалдыұлының туғанына 250 жыл, Асау Барақұлының туғанына 230 жылдығы атап өтілді.

1994 жыл

Ауданда 36 кітапхана жұмыс жасады.
1 аудандық 2 балалар 33 ауылдық кітапхана
Кітап қоры: 270059 дана
Қазақ тілінде: 149397 дана
Берілген кітап: 332885 дана
Оқырман: 16377
Қатысым: 123582

Жазушы Тобық Жармағамбетовтың туғанына 60 жыл толуына орай жазушының туыстарымен кездесу кеші өткізілді.

1995 жыл

Ауданда 36 кітапхана жұмыс жасады.
1 аудандық 2 балалар 33 ауылдық кітапхана
Кітап қоры: 269882 дана
Қазақ тілінде: 149206 дана
Берілген кітап: 338994 дана
Оқырман: 16414
Қатысым: 132118

Ұлы ақын Абайдың туғанына 150 жыл толуына орай «Өлең сөздің патшасы» атты поэзия кеші өткізіліп, жергілікті ақындар мен айтыскерлер қатысты, ақындар айтысы өтті.

Жарқамыс селолық кітапханасында ғалым, математик Назарбай Былиевтің 60 жасқа толуына орай ғалыммен кездесу өтті.

1996 жыл

Ауданда 36 кітапхана жұмыс жасады.
1 аудандық 2 балалар 33 ауылдық кітапхана
Кітап қоры: 256414 дана
Қазақ тілінде: 140764 дана
Берілген кітап: 295763 дана
Оқырман: 15057
Қатысым: 134328

1996 жылғы 9 қаңтардағы №31 қаулысына сәйкес 17 штаттық кесте қысқартылды.

1997 жыл

Ақтөбе облыстық мәслихатының 1997 жылғы 10 қаңтардағы 14 сессиясымен, Байғанин аудандық мәслихатының 1997 жылғы 31 қаңтардағы №16 сессиясының «Мәдени мекемелерді қысқарту, ықшамдау жөніндегі» қаулысының шешімі бойынша елді мекендердегі, бөлімшелердегі кітапханаларды ұстау қаржысы қысқартылуына байланысты
25 кітапхана жұмыс жасауын тоқтатты.
11 кітапхана жұмыс жасады.
Кітап қоры: 242931 дана
Қазақ тілінде: 132534 дана
Берілген кітап: 196304 дана
Оқырман: 10106
Қатысым: 134328

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың «Казақстан-2030» Қазақстан халқына Жолдауын басшылыққа ала отырып, ауыл тұрғындарына тәуелсіздік алған еліміздің болашаққа бағдарын айқындап, ақпараттық түсіндіру бағытында шаралар жүргізілді.

1998 жыл

Ауданда 11 кітапхана жұмыс жасады.
1 аудандық 2 балалар 8 ауылдық кітапхана
Кітап қоры: 228138 дана
Қазақ тілінде: 125854 дана
Берілген кітап: 196527 дана
Оқырман: 10973
Қатысым: 134328

Жарқамыс, аудандық орталық кітапханаларында Бақтыбай батырдың 300 жылдығына орай бірлескен шаралар өтті.

1999 жыл

«Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылы»

Ауданда 11 кітапхана жұмыс жасады.
1 аудандық 2 балалар 8 ауылдық кітапхана
Кітап қоры: 208865 дана
Қазақ тілінде: 113610 дана
Берілген кітап: 207030 дана
Оқырман: 10419
Қатысым: 80867

1999 – «Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы» жылына орай мәдени шаралар өтті.

  • «Кітапханаларға кітап» акциясы аясында рухани демеу күндері өтіп, кітапхана қоры оқырмандардың демеушілігімен 200 дана кітаппен толықты, кітапхана мамандары жеке қаражаттарынан оқырмандардың сұранысына орай бес аталымдағы мерзімді басылымдарға жазылып, кітапханаға сыйлап отырды.
  • Кітапхана қажетті елді мекендердің мониторингі жасалып, 7 елді мекеннен кітапхана ашуға ұсыныс жасалды.
  • 1999 жылы аудандық ОКЖ директоры Б.Кенжебаева «СОРОС-Қазақстан» демеушілік қорының жолдамасымен республикалық «Бюджеттен тыс ізденістер» ғылыми-техникалық семинарына қатысып, 2001 жылы ҚР Ұлттық кітапханасының «Жаңа технологияларды енгізу» мектебінің сертификатына ие болып, кітапхана жүйесіне жаңа технологияларды енгізу жолға қойылды.
  • 2000 жыл

    2000 – Мәдениетті қолдау жылы

    Ауданда 14 кітапхана жұмыс жасады.
    1 аудандық 2 балалар 11 ауылдық кітапхана
    Кітап қоры: 210523 дана
    Қазақ тілінде: 118337 дана
    Берілген кітап: 213790 дана
    Оқырман: 10673
    Қатысым: 79177

    2000 жылдың 1 қарашасынан

    Қарауылкелді селолық округі Көкбұлақ селолық кітапханасы, Сартоғай селолық округі Баршақұм селолық кітапханасы, Көлтабан селолық округі Қораши селолық кітапханасы ашылды.

  • «Жастар ХХІ ғасыр табалдырығында» атты мектеп бітірушілермен шара Қ.Жұбанов атындағы мемлекеттік университетінің «қолданбалы еңбек технологиясы» кафедрасының ұстазы Л.Сахариеваның қатысуымен өтті.
  • Жерлесіміз, Кеңес Одағының Батыры Қожабай Жазықовтың туғанына 80 жыл толуына орай батырдың ұрпақтарымен кездесу кеші өтті.
  • 2001 жыл

    ҚР Тәуелсіздігіне – 10 жыл.

    Ауданда 15 кітапхана жұмыс жасады.
    1 аудандық 2 балалар 12 ауылдық кітапхана
    Кітап қоры: 204729 дана
    Қазақ тілінде: 117543 дана
    Берілген кітап: 219495 дана
    Оқырман: 10838
    Қатысым: 79461

    2001 жылдың 19 желтоқсанынан

    Қызылбұлақ селолық округі Бұлақтыкөл селолық кітапханасы ашылды.

  • С.Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасының дайындаған «Кітап – жан азығы» атты Байғанин аудандық ОКЖ не қарасты Жарқамыс селолық кітапханасының іс-тәжірибесі республика кітапханаларына таратылды.
  • 2002жыл

    2002– Денсаулық сақтау жылы

    Ауданда 16 кітапхана жұмыс жасады.
    1 аудандық 2 балалар 13 ауылдық кітапхана
    Кітап қоры: 205634 дана
    Қазақ тілінде: 118366 дана
    Берілген кітап: 223261 дана
    Оқырман:11307
    Қатысым:82225

    2002 жылы қыркүйек айында

    Қызылбұлақ селолық округі Жаңатаң селолық кітапханасы ашылды.

  • Жазушы Қажығали Мұханбетқалиевтің 60 жасқа толуына орай жазушымен «Қаламы қарымды жазушы» атты кеш өткізілді.
  • Мамыр айында «Көпшілік кітапхана. Нарық.Оқырман.Денсаулық жылындағы шаралар» атты облыстық, қалалық, аудандық кітапхана директорларының зерделі кеңесі өтті. Зерделі кеңес аясында Республикалық ұлттық аспаптар жасаушы шеберлері байқауының ІІІ дәрежелі жүлдегері Құтым Қасеновпен «Табиғат дарытқан талант» атты кездесу кеші өтті.
  • Қыркүйек айында Байғанин ауданының мәдениет күндері өтіп, аудандық ОКЖ-нің ұйымдастыруымен С.Бәйішев атындағы ғылыми әмбебап кітапханасында «Тарихы құнды, болашағы нұрлы Өлке» атты ғылыми практикалық конференция, С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында «Жем – Сағыз жыр құшағында» атты жерлес ақындардың жыр кеші, облыстық шығармашылық үйінде сазгер, күйші Жібек Ілиясованың шығармашылығына арналған «Өмірді өнерімен өрнектеген» атты кеш өтті.
  • 2003жыл

    «2003-2005 Ауылды түлету жылдары»

    Ауданда 16 кітапхана жұмыс жасады.
    1 аудандық 2 балалар 13 ауылдық кітапхана
    Кітап қоры: 206232 дана
    Қазақ тілінде: 120140 дана
    Берілген кітап: 251869 дана
    Оқырман:12509
    Қатысым:96884

  • Байғанин ауданының 75 жылдығы аталып өтілді. «Тарихы құнды, болашағы нұрлы өлке» танымдық ақпараттық көрме, «Тағылымды тарихы мол өлке» ғылыми теориялық конференциясына ауданнан түлеп ұшқан ғалымдар, ақын жазушылар, өнер қайраткерлері қатысты.
  • Ақындар Сағи Жиенбаев пен Сәбит Баймолдиннің отбасымен және жұбайларымен кездесу өтті.
  • Жарқамыс селолық округіндегі Жарқамыс ауыл кітапханасында ауыл кітапханаларының «Кітапханалар жеке тұлғаның ақпараттық мәдениетін қалыптастыру орталығы» атты көшпелі семинар кеңесі өтті.
  • 2004жыл

    Ауданда 16 кітапхана жұмыс жасады.
    1 аудандық 2 балалар 13 ауылдық кітапхана
    Кітап қоры: 208275 дана
    Қазақ тілінде: 120277 дана
    Берілген кітап: 263294 дана
    Оқырман:12854
    Қатысым:105172

  • Жерлес жазушы Тобық Жармағамбетовтың және ақын Сағи Жиенбаевтың 70 жылдығы мерейтойларына орай кешенді шаралар өтті.
  • Ұлы Отан соғысының ардагері, «Даңқ» орденінің толық иегері жерлесіміз Сәрсенғали Ешбаевтың 80 жылдығына орай «Ер есімі ел есінде» атты майдангердің отбасымен, туыстарымен кездесу өтті.
  • Ащы селолық округіндегі Сағыз ауылдық кітапханасында ауыл кітапханашыларының «Кітапхана: бүгін және болашақта» атты көшпелі семинары өтті.
  • 2005жыл

    Ауданда 18 кітапхана жұмыс жасады.
    1 аудандық 2 балалар 15 ауылдық кітапхана
    Кітап қоры:207869 дана
    Қазақ тілінде: 120694 дана
    Берілген кітап: 266248 дана
    Оқырман: 13061
    Қатысым:13061

    2005 жылы 1 наурызда Жарқамыс селолық округіне қарасты Қаражар елді мекенінде Қаражар селолық кітапханасы ашылды.

    20 қарашада Қопа селолық округіне қарасты Қопа елді мекенінде Қопа селолық кітапханасы ашылды.

  • 2005 жылы аудандық ОКЖ директоры Б.Кенжебаева Петропавл қаласында өткен «Электронды кітапхана – high-tech мәдени мұраның сақталуын және пайдалануын қамтамасыз ету» атты, Сағыз селолық кітапханасы ҚР Мәдениет, ақпарат және спорт Министрлігінің ұйымдастыруымен «Үздік ауыл кітапханасы» атты республикалық байқауына қатысып, Мәдениет министрлігінің арнаулы Дипломымен ауыл әкімдігі марапатталды.
  • 2006 жыл

    Ауданда 19 кітапхана жұмыс жасады.
    1 аудандық 2 балалар 16 ауылдық кітапхана
    Кітап қоры: 210249 дана
    Қазақ тілінде: 122720 дана
    Берілген кітап: 272984 дана
    Оқырман:13404
    Қатысым: 110063

    2006 жылы Миялы селолық округіне қарасты Дияр елді мекенінде Дияр селолық кітапханасы ашылды.

  • 2006 жылы аудандық ОКЖ директоры Б.Кенжебаева Павлодарда өткен «Кітапхана – елдің бәсекеге қабілеттігі мен қоғамдық дамуының ресурстық орталығы» республикалық конференциясына қатысып, «Кітапхана - ауылдың ақпараттық орталығы» тақырыбында баяндама жасады.
  • 2007 жыл

    Ауданда 19 кітапхана жұмыс жасады.
    1 аудандық 2 балалар 16 ауылдық кітапхана
    Кітап қоры: 213149дана
    Қазақ тілінде: 125209 дана
    Берілген кітап: 283619 дана
    Оқырман: 13685
    Қатысым: 119456

    2007 жылы Сартоғай селолық округіне қарасты Шұқырши елді мекенінде Шұқырши селолық кітапханасы ашылды.

  • 2007 жылы Сағыз селолық кітапханасының кітапханашысы Әлібек Гүлнар 14-18 сәуірде Астана қаласында өткен «Бір ел – бір кітап» Халықаралық Оқу Конгресіне және аудандық ОКЖ библиографы Гүлзада Мұхамбетияр республика мәдениет қызметкерлерінің «Қазақстандық патриотизмді қалыптастыру» республикалық кеңесіне қатысып қайтты.
  • 8 қараша күні Ақтөбе облысында алғашқы «Жаңа үлгідегі модельді ауыл кітапханасы» статусын Ащы селолық округіндегі Сағыз ауылдық кітапханасы иеленді.
  • Ауыл кітапханаларының жаңа үлгідегі модельді ауыл кітапханасы етіп қалыптастыру бағдарламасы аясында 2007 жылдан бастап аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі жаңа технологиялар компьютерлермен жабдықталып, ҚР Ұлттық кітапханасының РАБИС бағдарламасының «Каталогизатор», «Іздестіру-тапсырыс» модульдері бойынша жұмыс жасауда.
  • Жерлес ақын ұстаз Құрмашев Ілиястың «Жырларым сырларым» кітабының тұсаукесері өтті.
  • 2008 жыл

    Ауданда 21 кітапхана жұмыс жасады.
    1 аудандық 2 балалар 18 ауылдық кітапхана
    Кітап қоры: 215161 дана
    Қазақ тілінде: 126881 дана
    Берілген кітап: 290320 дана
    Оқырман:13904
    Қатысым: 120594

    2008 жылы 15 желтоқсанда Қопа селолық округіне қарасты Айрық елді мекенінде Айрық селолық кітапханасы ашылды.

  • Қазан айында Жарқамыс, Алтай селолық кітапханалары «Жаңа үлгідегі модельді ауыл кітапханасы» статусын иеленді.
  • Жерлес ақын Өтежан Нұрғалиев 70 жасқа толуына орай аудандық және Жарқамыс модельді ауыл кітапханалары оқырмандары «Тумысы бөлек туындылар иесі» атты әдеби кеште ақынмен кездесуі өтті.
  • 2009 жыл

    Ауданда 21 кітапхана жұмыс жасады.
    1 аудандық 2 балалар 18 ауылдық кітапхана
    Кітап қоры: 218134 дана
    Қазақ тілінде: 129423 дана
    Берілген кітап: 291628 дана
    Оқырман:13942
    Қатысым: 121074

  • 2009 жылы қараша айында Қопа селолық округіндегі Ебейті, Көлтабан селолық округіндегі Байғанин кітапханалары «Жаңа үлгідегі модельді ауыл кітапханасы» статусын иеленді.
  • Ауданның прокуратура саласында қызмет жасаған заң қызметкері, ақын А.Қ.Пошатаевтың «Жастық шақ жырлары» кітабының тұсаукесері өтті.
  • Қазақтың көрнекті ақыны, жерлесіміз Сағи Жиенбаевтың туғанына 75 жыл толуына орай тұңғыш рет «Жырым менің көктем жыры, гүл жыры» атты онлайн әдеби сазды кешінде ақынның жары Өзипамен кітапхана оқырмандары жүздесті.
  • 2010 жыл

    Ауданда 21 кітапхана жұмыс жасады.
    1 аудандық 2 балалар 18 ауылдық кітапхана
    Кітап қоры:221754 дана
    Қазақ тілінде: 132137 дана
    Берілген кітап: 299515 дана
    Оқырман: 14022
    Қатысым: 121226

  • Кеңес Одағының Батыры, жерлесіміз Қожабай Жазықовтың туғанына 90 жыл толуына орай «Ұстаз.Батыр.Азамат» атты ғылыми практикалық конференция өтіп, конференцияға педагогика ғылымдарының кандидаты, ұстаз ғалым Н.Берікұлы, ҚР Мәдениет қайраткері Е.Құрманбеков т.б. зиялы қауым өкілдері, батырдың ұрпақтары қатысты.
  • Кітапханада «Ерлігімен елдің атын шығарған» атты батыр ұрпақтарымен кездесу өтіп, «Мен білетін бір батыр» естелік кітабының таныстырылымы өтті.
  • «Дипломмен ауылға» мемлекеттік бағдарлама аясында «Ауылға кел, жас маман» атты Ақтөбе гуманитарлық колледж студенттерімен кездесу өтті.
  • Қазақстан Ақтөбе телеарнасының 50 жылдығына орай «Асылдар туған, ақындар туған бұл өлке» атты кең көлемді кітап көрмесінің таныстырылымы өтті.
  • 2011 жыл

    Ауданда 21 кітапхана жұмыс жасады.
    1 аудандық 2 балалар 18 ауылдық кітапхана
    Кітап қоры: 226832дана
    Қазақ тілінде: 136818 дана
    Берілген кітап: 300392 дана
    Оқырман: 14091
    Қатысым: 127388

  • Қызылбұлақ селолық округіндегі Кемерши ауылындағы Жем селолық кітапханасы «Жаңа үлгідегі модельді ауыл кітапханасы» статусын иеленді.
  • Байғанин ауданы тарихы, ауданымыздан шыққан ақын жазушылар, кітапхана тарихы, кітапхана бөлімдері, жаңа кітаптар т.б. мәліметтер енгізілген өз WEB сайтымыз www.bjka.kz ашылып, baiganinkitap@mail.ru электронды пошта қызметтері пайдаланушыларға қызмет ете бастады.
  • «Модельді ауыл кітапханасы Тәуелсіздіктің жемісі» атты модельді ауыл кітапханаларының кәсіби байқауы өткізілді.
  • Тәуелсіздіктің 20 жылдығына орай «Тәуелсіздіктің 20 шыңы» шарасы аясында «Болашақ» жұлдызды күні кітапхананың жасөспірім оқырмандары «Келешегі кемел Қазақстан» атты Әйтеке би ауданы кітапханасы арқылы екі аудан жастары онлайн әдеби кеші өткізілді.
  • 2012 жыл

    Ауданда 21 кітапхана жұмыс жасады.
    1 аудандық 2 балалар 18 ауылдық кітапхана
    Кітап қоры:220388 дана
    Қазақ тілінде: 138179 дана
    Берілген кітап: 302873 дана
    Оқырман: 14141
    Қатысым: 133476

  • Маусым айында ауданның ұстаздары, өлкетанушы жазушылары Бисен Жақановтың «Қасірет пен сенім» және Ибрагим Ермекбаевтың «Мекке сапары» кітаптарының тұсаукесері «Ұстаз.Өлкетанушы.Жазушы» тақырыбында өтті, тұсаукесерге Халықаралық «Невада Семей» қозғалысының төрағасы І.Көбенов бастаған қозғалыс мүшелері қатысты.
  • 21 қарашада Ұстаз, ақын, суретші Серікбай Қайдасовтың «Ініме хат» кітабының тұсаукесері өтті.
  • Жерлес ақын Сәбит Баймолдиннің туғанына 70 жыл толуына орай «Жыр жүректің бұлағы» атты әдеби онлайн кеші өткізіліп, кітапхана оқырмандары мен туыстары Алматы қаласындағы ақын отбасымен, ұрпақтарымен жүздесті. Кешке облыстық «Қазақстан Ақтөбе» телеарнасының журналисі, ақын Жақсылық Айжанов қатысты.
  • Желтоқсан айында қаламы қарымды жазушы жерлесіміз Қажығали Мұханбетқалиұлының 70 жасқа толуына орай аудандық орталық кітапханада кездесу өтті. «Тар кезең» тарихи романының тұсаукесері өткізілді. Тұсаукесер салтанатына қазақ жазушылары М.Қаназов, М.Құлкенов, ақындар М.Ақдәулетұлы, Е.Ашықбаев, Ж.Айжанов, Б.Бабажанұлы қатысып, кітапхана оқырмандарымен жүздесті.
  • 2013 жыл

    Ауданда 21 кітапхана жұмыс жасады.
    1 аудандық 2 балалар 18 ауылдық кітапхана
    Кітап қоры:224878 дана
    Қазақ тілінде: 142167 дана
    Берілген кітап: 302873 дана
    Оқырман: 14141
    Қатысым: 135781

  • «Бір ел бір кітап» акциясы аясында ақын Фариза Оңғарсынованың шығармашылығын оқырмандар арасында таныту мақсатында Ұлттық Академиялық кітапханасының ұйымдастырған республика кітапханаларының блогтар байқауына қатысып, «Жыр тамған жүрек» baiganin.blogspot.com кітапханалық блогы ашылып, «Оқырман үшін ең үздік блог» номинациясы бойынша сертификатын иеленді.
  • «Мұхтар Әуезовты оқимыз» халықаралық акциясына қатысып, ҚР Ұлттық Кітапханасы және М.Әуезов қорының «Алғыс хатын» иеленді.
  • 2014 жыл

    Ауданда 21 кітапхана жұмыс жасады.
    1 аудандық 2 балалар 18 ауылдық кітапхана
    Кітап қоры: 232185дана
    Қазақ тілінде: 148854 дана
    Берілген кітап: 307883 дана
    Оқырман: 14241
    Қатысым: 138784

  • Миялы селолық округіндегі Миялы селолық кітапханасы «Жаңа үлгідегі модельді ауыл кітапханасы» статусын иеленді.
  • С.Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық ғылыми әмбебап кітапханасында алғаш рет «Байғанин кітапханалары: Шығармашылық ізденістер мен жетістіктер» аймақтық кітапханалар күні өткізіліп, «Байғанин байтақ, жайнаған өлкем» кітапханалық дайджестіне жерлес ақын, сазгер О.Байсеңгіров қатысты, «Жем бойының жұлдыздары: ақын С.Жиенбаев пен жазушы Т.Жармағамбетовтың ұстазы, профессор Н.Берікұлымен кітапханалық журфикс, «Байғанин дарабоздары» baiganinkitap.blogspot.com блогының тұсаукесері, «Кітапхана жасөспірімдер мен балалардың шығармашылығын шыңдау орталығы: Шығармашылық, қолөнер, техникалық құрастыру туындылары» көрмесі облыс кітапханаларына таныстырылды.
  • Жерлестеріміз Жем бойының жұлдыздары: ақын С.Жиенбаев пен жазушы Т.Жармағамбетовтің 80 жылдық мерейтойларына орай кітапханада кітапханалық буккроссинг өткізіліп, кітапхана оқырмандары жазушылар ҚР Жазушылар Одағының хатшысы Б.Сарбалаев, Жанат Елшібек, Табыл Құлияс, жазушы Тобықтың досу Саду Нұржау, Айгүл Кемелбаева, Сағи ақынның жары Өзипа, қызы Қарлығаш, жазушы Тобықтың жары Сапия, қарындастары Әсем, Тілектес және облыстың танымал ақындары М.Ақдәулетұлы, Е.Ашықбаев, А.Өтегенов, К.Бекмағанбетов т.б. жүздесті.
  • «Оқитын өлке» акциясы аясында С.Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында облыстық «Жемнің жарық жұлдыздары» үздік кітапханалық блогтар байқауына қатысып «Жемнің қос жұлдызы» baiganinblogspot.com атты блогын ашып жүлделі І орынды иеленді.
  • Жерлесіміз, ғалым, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Б.Ж.Құрманбековтің «Ұрпағым біліп жүрсін деп» атты кітабының тұсаукесері өтті, оған ғалымның ағасы ҚР Мәдениет қайраткері Еркін Құрманбеков, оның ұрпақтары қатысты.
  • 2015 жыл

    Ауданда 21 кітапхана жұмыс жасады.
    1 аудандық 2 балалар 18 ауылдық кітапхана
    Кітап қоры: 237826 дана
    Қазақ тілінде: 153656 дана
    Берілген кітап: 311547 дана
    Оқырман: 14346
    Қатысым: 140624

  • Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай «Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмайды» batyrlar.blogspot.com блогы ашылды.
  • ҚР ІІ Министрлігіне еңбек сіңірген қызметкер, полиция генерал майоры, еңбек ардагері Кеңшілік Сәттібайұлы Жұмабаевтың өнегелі өмірі мен қызметі туралы «Генерал Жұмабаев» кітабының тұсаукесері өтіп, оған кітапты құрастырушы Б.Құлтаев, облыстық ІІ саласының ардагері Б.Ғизатов т.б. қатысты.
  • Ұстаз, жазушы, өлкетанушы Бисен Жақановтың «Семей сапары» кітабының тұсаукесері өтіп, Халықаралық «Невада Семей» қозғалысының төрағасы І.Көбенов бастаған қозғалыс мүшелері қатысты.
  • Жерлес ақын, ұстаз Бекес Сәуірбаевтың «Жусан иісі» кітабының тұсаукесері өткізілді.
  • Кітапхана саласының ардагері, ҚР Мәдениет қайраткері Батима Кенжебаеваның өнегелі өмірі мен қызметіне арналған «Кітапхана қасиетім, киелім» портрет кеші өткізілді.


  •  
    Copyright © Байғанин аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі